26.01.2022, 15:00
Оқылды: 44

Қор активтеріне кешенді тексеру жүргізу қажет. «Самұрық-Қазына» депутаттың сауалына жауап берді

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжан Жамалов «Самұрық-Қазына» қорының активтеріне кешенді тексеру жүргізу қажет екенін айтып, Үкімет басшысына сауал жолдаған болатын.

VKaeXRK7oe0oStXqyBi8xbEdfxUB5pUjhHIYcnuc

Депутат қордың негізгі және бейінді емес активтеріне кешенді аудит жүргізу қажеттігін және қордан барлық аударым орталықтандырылып, мемлекеттiк мiндеттердi iске асыру үшiн республикалық бюджетке түсуге тиiс екенін айтқан болатын.

«Самұрық-Қазына» Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов көтерген мәселеге қатысты өз мәлімдемелерін таратты.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында қор бірінші кезектегі реформаларды іске асыруға бағытталған жүйелі жұмыс атқарып келеді. Сатып алулар саласы мен бизнеске кедергілер келтіретін мәселелердің бір бөлігі тезарада шешілуін талап етеді. Қазіргі таңда Үкіметпен бірлесе отырып, қор қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі жоспар әзірленіп жатыр. Ол мақұлданғаннан кейін ашық түрде жарияланады, - деп жауап берді «Самұрық-Қазынаның» Қоғаммен байланыс департаменті.

BAQ.KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале