27.01.2022, 15:40
Оқылды: 50

Президент тапсырмасы: Өңірлерде мектептер салуға 20 млрд теңге бөлінеді

Президенттің тапсырмасымен мектептер салуға бөлінетін 20 млрд теңгені кей өңірлер жол салуға жұмсағысы келеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220127141633a3891604d

«Мемлекет басшысының тапсырасына сәйкес, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында батыс және оңтүстік өңірлерде білім беру, мәдениет, спорт нысандарын салу үшін қосымша 20 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бір аптаның ішінде әкімдермен бірлесіп, аталған өңірлерде білім беру ныандарын салу жоспарын әзірлеу қажет. Үш ауысымды және апатты мектептер проблемасын шешуге айрықша назар аудару керек», - деді Үкімет басшысының орынбасары Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Осы ретте вице-премьер бұл мәселенің бәрі жайдан-жай көтеріліп отырмағандығын баса айтты.

«Әсіресе, өңірлерге қатысты мәселе күнтәртібінде тұр. Өткендегі жағдайлар көз алдарыңызда болды. Осы мәселелердің барлығын түбегейлі ескеруіміз қажет. Сондықтан Президенттің қосымша 20 млрд теңге бөлуге қатысты шешіміне орай кеше отырыс өткіздім. Сонда аймақтар жолға, инфрақұрылымға қатысты ұсыныстар бергені мен үшін түсініксіз. Кеше қатты әңгіме болды. Сондықтан осы мәселені қысқа уақыттың ішінде Президенттің нақты көрсеткен тапсырмасына сәйкес шешу жолдарын қарауларыңызды сұраймыз. Уақыт жоқ. Екі күннің ішінде шешуге тапсырма бердім. Осы мәселеге де министрлік ерекше қарау керек. Аймақтарға байланысты шешімдерді қысқа уақыттың ішінде қабылдауымыз қажет», - деді Ералы Тоғжанов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале