Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы ашылатынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Орындарды бөлудің ашықтығы, мақсатты қаржыландыру және кезек қайталанбас үшін республика бойынша балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай деректер базасын ашу жоспарланған", - деді білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова.
Сонымен қатар, оның айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдардың, әсіресе жекеменшік балабақшалардың жұмыс сапасын арттыру шаралары қабылданады.
"Біз талаптарды күшейтеміз, мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру ережелеріне өзгерістер енгіземіз, оның ішінде білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету, қауіпсіз және жайлы жағдай жасау, мемлекеттік тапсырыс қаражатын мақсатты жұмсау және қызмет көрсету сапасын арттыру", - деді Шолпан Қаринова.