27.01.2022, 18:01
Оқылды: 43

Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Үндістан» саммитіне қатысып жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» саммиті басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

14

Бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болғанын хабарлады.

Атап айтқанда, іс-шара онлайн форматта өтеді. Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды. Жиын қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданбақ.

Онлайн өтіп жатқан талқылауға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале