28.01.2022, 10:50
Оқылды: 74

Орал қаласында автобус 9 жасар баланы қағып кетті

Орал қаласында автобус баланы қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220128010836477e

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 27 қаңтар күні сағат 19.46-да болды.

«ПАЗ» автобусының 41 жастағы жүргізушісі Ә.Молдағұлова көшесінде «Анвар» дүкені тұсында реттелетін жаяу жүргінші өткелінде тыйым салынған бағдаршамға қарамастан, жүгіріп өтпек болған 2013 жылғы баланы қағып кеткен.

Бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, бала маңдайын соғып алған, амбулаторлық ем алуға жіберілді.

Сондай-ақ сағат 19.00-де Сырым Датұлы мен Ю.Гагарин көшелерінің қиылысында «ВАЗ 2107» автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі 1985 жылғы ер адам айдап келе жатқан KIA Sportage автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан.

Соның салдарынан «ВАЗ 2107» автокөлігінде отырған жолаушы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

2201280104516832f

Сонымен қатар сағат 10.35-те «Фольксваген Пассат» автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Алматы мен Казталов көшелерінің қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан, жүгіріп өтпек болған 1992 жылғы жүргіншіні қағып кетті.

Жаяу жүргінші жарақат алып, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 615-бабы 2-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды.

2201280104516831f

Қазіргі кезде оқиғалардың мән-жайы анықталу үстінде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале