28.01.2022, 11:00
Оқылды: 56

Газ бағасы арзандады, ал таксидың құнында өзгеріс жоқ

Қаңтар айы қиындығымен басталғанымен, жағымды жаңалықтары да аз емес. Соның бірі сұйытылған газ бағасының төмендеуі. Қымбатшылық екі бүйірден қысқан уақытта қоғамдық көлік жүргізушілері сұйытылған отынның бағасы шарықтап бара жатқанын алға тартып, такси қызметінде қымбаттатқаны белгілі.

газ бағасы түсті (3)

Әрине, кісі тасымалдаумен күнін көріп, отбасын асырап жүрген жандардың қалтасына қол сұғудан аулақпыз. Бірақ, мақаламызға арқау болатындай мәселелерге көз жүгіртіп көрдік. Қазір қолы босағандар ескі болса да көлік сатып алып аудан тұрғындарына қызмет көрсетуге дайын тұрады. Яғни отбасын асырауға қам жасайды. Олда дұрыс шығар. Әйтпесе қазіргі таңда бір айлықпен күн көру тіптен мүмкін емес. Такси қызметіне жүгінетіндердің көбісі қарапайым тұрғындар.

Темір тұлпар тізгіндегендердің де өз айтары бар. Оны да ескерусіз қалдырмаймыз. Алдымен газ бағасының арзандағанына қуанып, қоғамдық көлік жүргізушілеріне шолу жасау үшін Тасқала ауданы орталығындағы көлік тұрақтарын айналып қайттық. Барлығыда бір қалыпта , баға да өзгеріссіз.

Көліктің бәрі газбен жүрмейді 

Такси қызметіндегілер де екіұдай пікірде екендігін аралау барысында байқадық. Бірі халықтың сөзін сөйлеп қаламен екі ортаға қатынайтын қоғамдық көліктің бағасын төмендетуді қолдаса, енді бір тобы азық-түлік бағасы мен автоқосалқы бөлшектердің қымбат екендігін және олардың бағасының еш өзгеріссіз қалғандығын алға тартады. Тағы бір айта кететін мәселе қоғамдық көліктердің барлығыда сұйытылған газды пайдаланады десек артық айтқандық болар. Бензинмен жүрген көліктердің де көп екендігін алға тартты. Кей адамдардың алдағы уақытта бензин бағасын түсірсе жолақыны да төмендетуге болатындығын атап өтті. Осы тұрғыда көлік жүргізушілердің бірауыз пікірін білген едік.

газ бағасы түсті (2)

«Азық-түлік, киім және құрылыс материалдарының күннен-күнге қымбаттап жатқанын жұрт жақсы біліп отыр. Көліктің қосалқы бөлшектерінің бағасыда шарықтап кетті. Қоғамдық көлік қызметін пайдалану арқылы жанұямызды асырау үшін жұмыс жасап келеміз. «Біреу келіп, сенің қазаныңа ас салмайтыны» секілді бәрі өз күндерін көру үшін қызметте жүр. Осы жүргенде бір айда тапқан қаражатымыздың өзі жетпей жатады. Газ арзандағанмен, өзге де қажетті заттардың бағасы әлі күнге қымбат күйінде қалып отыр, - дейді ауыл тұрғыны Махамбет Жандарбек.

«Әрине газ бағасының төмендегенін естіп бізде қуаныштымыз. Оған өз ризашылығымызды білдіріп отырамыз. Кезінде бағаның тұрақтануын қадағаласа халықтың жағдайы мұңды болмас еді. Газдың ғана бағасының төмендегені кәдімгідей байқалады. Мысалға бұрын бензинмен қалаға барып келу үшін 4000 теңгедей қаражат жұмсайтын едік. Ал қазіргі таңда сұйытылған газ бағасының төмендегенінің арқасында дәл сол қашықтыққа 1200 теңге жұмсаймыз. Шынын айту керек, газ бағасының төмендеуі бұл қуаныштың бастамасы шығар деп үміттенеміз. Одан өзге азық–түлік, автобөлшектер мен құрылыс заттарының да  бағасы қол жетімді болса құба құп. Бағаның тұрақтануы әлде де қадағаланып, халықтың игілігіне жараса бізде қуанар едік»,- деді көлік жүргізуші Женіс Наурызалиев.

«2022 жылдың басы өздеріңіз де білетіндей өзгерістер мен жаңалықтарға толы болды. Бізде солай деп түсінеміз. Жаңаөзен қаласы тұрғындарының бейбіт шеруі газ бағасының жақсы жағынан өзгеріске ұшырауына әкеп соқты. Қарапайым халықтың емін-еркін жүріп тұруына оңтайлы сәт деп түсіндік.Мысалы газдың бағасы түскен  кезде құныда байқалды Болашақта да лайым солай болғай. Қымбатшылықтың артында қиыншылық тұрғаны белгілі. Сондықтан шама келсе қымбатшылыққа ел болып ұрынбасақ екен деген тілегім бар»,- деді Тасқала ауылының тұрғыны Нұрлан Анарбаев. «Газ бағасының төмен түсуі жалпы жүргізушілер үшін қуанышты жағдай болды. Бірақ, бензинмен жүретін автокөліктер баршылық екендінде ескерген жөн-ау.Қыстың уақытында азғой ,қыздырасын сол ақша кетеді. Өз жұмысымызды әрі қарай жақсы көңіл-күймен жасай береміз. Газбен жүретін автокөліктер үшін тиімді болғаны белгілі. Енді осының тұрақтылығы қадағаланса игі»,- деді көлік жүргізуші Мирас Утешов.

«Газ бағасының төмен түсуі көлік жүргізетін адамдардың қуанып жатқандығы айдан анық. Такси бағасы Орал мен Тасқала арасында жүру 800 теңге болатын, ал қазір 1000 теңгеге көтерілді. Ендігі кезекте қарапайым халықтың сұранысы  бойынша бұрынғы бағасына қайта  түссе игі болар еді. Сұйытылған газ бағасының төмен түсуі халықтың ойынан шыққандай. Әрине, газбен көлік жүргізетін жандар ғана қуанатыны мәлім. Әрқашанда осындай жағымды жаңалықтар көп болса, халықтың мұң мұқтажыда сейілер еді», - деді ауыл тұрғыны Жанар Қойшыбаева.

«Қарапайым халықпен өмір кешіп жүргеннен кейін, бізде сол көлік жүргушілердің темір тұлпарларына мінеміз. Қуанып жатырмыз таксистеріміз үшін газ бағасының төмен түскеніне, бірақ көбісі ауданда бензинмен жүретін секілді. Көлік жүргізушілердің жағдайларын ойлаймыз, олардың да күнкөрістері бар. Жол ақысы төмен түспейді. Тек бензиннің ақысы түссе ғана жол ақысының бағасы түсер еді деп ойлаймын», - дейді  ауыл тұрғыны Рысқаным Даутова.

Расымен де, біз мінген кейбір таксиды тізгіндеушілер газдан гөрі бензинның бағасы түскендігі пайдалырақ болатындығын атап өтті. Жақсы жаңалыққа да әр тараптың өзіндік пікірі бар. Ұққанымыз, Тасқала ауданындағы газ құю бекеттері бағаға қатысты талапты толық орындауда. Такси бағасының көтерілуі қымбатшылықтан қиындық көріп жүрген қарапайым халықтың қалтасына ауыр соғатыны анық. Бірақ такси жүргізушілері де сол қоғамның бір бөлшегі. Сондықтан жақсы жағынан өзгерістің болып тұрғандығы баршамызға тиімді.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале