Толық есеп ұйымның ресми сайтында жарияланған.
Мамандардың айтуынша, республикадағы қылмыс индексі 83,58-ге, ал қауіпсіздік индексі 16,42-ге жеткен. Анти-рейтингте екінші орынды Папуа-Жаңа Гвинея алды. Онда қылмыс индексі шамамен 81, одан кейін Ауғанстан (77) және Оңтүстік Африка (76) елдері тұр.
Сонымен қатар, саяхатшылар үшін қауіпті елдер Гондурас (74,1), Тринидад және Тобаго (71,3), Гайана (68,9), Сальвадор (68,6), Ямайка (67,8) екені анықталды. Туристер мүмкіндігінше абай болу керек, Сирияда қылмыс индексі 67,4-ті көрсетті. Ол осы тізімдегі ондықты түйіндеп тұр.
BAQ.KZ