ҚР Ішкі істер министрлігі өткен аптада республика бойынша қанша қылмыс тіркелгенін хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бір апта ішінде 2580 қылмыс жасалды. Оның 1754-і тәулік ішінде ашылды», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.
Ресми өкілдің айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 2 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 31 тонау және 395 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан.
Сонымен бірге, Нұрділдә Ораз орталық және бірқатар аумақтық полиция департаменттеріндегі кадрлық ауыс-түйістерді еске салды.