31.01.2022, 17:55
Оқылды: 11

Жолда абай болыңыз!

Бүгін шамамен сағат 13:05 - те Чапаев - Жалпақтал-Казталовка тас жолының 13 км шақырымында "ВАЗ-2107" автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, "Тойота Камри" маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

23

Жол апаты салдарынан 1995 ж.т. "Ваз 2107" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушы (мәліметтер нақтылануда) оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен 3 адам ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

21

24

БҚО ПД Баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале