2.02.2022, 12:00
Оқылды: 10

Алматыда 22 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

Алматыда 1999 жылы орын алған қос кісі өлімі бойынша қылмыс дерегі ашылды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов Facebook-те жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

C935F63F-527B-43B4-9171-88FA38A13293

Қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахмановтың айтуынша, осыдан 22 жыл бұрын жасалған қылмыс тікелей куәгерлердің жоқтығынан, тек жанама айғақтардың болуынан көпке дейін ашылмаған. Дегенмен, тергеушілердің сауатты жұмыс алгоритмі арқылы қылмыс ашылды.

«Нәтижесінде, 2021 жылғы 26 желтоқсанда күдікті анықталып, ұсталды. Ол 1965 жылы 26 қарашада туған К. есімді азамат болып шықты. Оған қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Ағымдағы жылдың 1 ақпан күні қылмыстық іс бойынша Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының тергеушілері мен басшыларының есептерін тыңдадым. Қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу және ақпан айында ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 300-бабына сәйкес іс материалдарын жолдау (айыптау актісін және қылмыстық істі прокурорға жолдау) туралы тапсырмалар берілді», - деп жазды Facebook-те Рустам Абдрахманов.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале