2.02.2022, 19:17
Оқылды: 23

Субсидия: шыңғырлаулық шаруалардың ұсыныстары тіркелуде

Жуырда Шыңғырлау аудан орталығында барлық округтерден келген шаруалар бас қосып, мәселе талқылаған үлкен жиын оздырылды. Жиында ауыл шаруашылығы министрлігімен ұсынылған өзгерістер мен толықтырылған соңғы субсидия бойынша презентациялық жобаларды талқылау өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев жүргізіп, оған ауыл шаруашылық мамандары, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалық жетекшілері және АШӨК басшылары қатысты.

WhatsApp Image 2022-02-02 at 19.52.31

Ауылдың, ауданның экономикасын, әлеуметтік-тұрмыстық әлеуетін де көтеріп отырған ауыл шаруашылық саласы десек, аталмыш салада қордаланған мәселе көп, түйіткілді сұрақтары да жетерлік. Сол себепті жыл басында арнайы бас қосып, алдағы күндердің жоспарын және субсидия мәселесін талқылаған отырыста көптеген сұрақтар ортаға салынды. Пікірлер тоғысып, шешуі күрделі мәселелерде осы жиында іріктелді.

Жиынға қатысушылар алдында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Рүстем Еслямов баяндама жасап, жуырда қабылданғалы отырған субсидия шарттары, нақтырақ айтқанда, мал бордақылау алаңдарына қатысты және қожалықтармен серіктестіктердегі мал санына, лизингтік техникаға, суармалы жерлер үшін, алма бақ, жүзімдіктер өсіруге, жем-шөп дайындауға, селекция,отандық және асыл тұқымдық мал сатып алуға, астық өсіруге және жиюға, суармалы егін өсіруге, жану-жағар май шығындарын субсидиялау тағы басқалары туралы түсіндіріп, шаруалардың пікірлерін тыңдады.

Жиында сөз алған «Шыңғырлау» АШӨК төрағасы, «Шопан ата» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шыңғырлау ауданы бойынша өкілі, Нұрлыбек Қалиев субсидия шарттарын талқылауда белсенді болуға шақырды.Сондай-ақ, көпшілік алдында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қайрат Төлегеновтың, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясының директоры Руслан Сабировтың, аудандық статистика басқармасының басшысы Аида Дуйсебаеваның баяндама-ақпараттары тыңдалды.

Жиын соңында субсидия шарттары бойынша шаруалардың ұсыныстары тіркелді.Ұсыныстар тиісті органдарда қабылданған соң, олар ауылдың игілігін арттырар деп сенеміз.

WhatsApp Image 2022-02-02 at 19.52.31 (1)

Айсұлу Муса,

Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале