Теректідегі "Jas Otan " ЖҚ мен жастар ресурстық орталығы бірігіп, Жаңаөмір ауылында "Ардагерлерді ардақтайық" акциясын ұйымдастырды.
Қайырымдылық акциясына қатысқан жергілікті Шаған орта мектебінің өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері ауылдағы еңбек ардагері Зинаида Бердниктің үйіне арнайы барды.
Хал-жағдайын сұрап, шаруасына қолғабыс тигізген жастарға Зинаида Ивановна дән риза. Әсіресе ауласын басып жатқан қардың тазартылғаны жалғызілікті кейуана үшін үлкен көмек.
Алдағы уақытта осындай қамқорлық шаралары жалғасын табады.
Үміткер Орынғалиев,
"Jas Otan " жастар қанаты Теректі аудандық бөлімшесінің жетекшісі