4.02.2022, 10:30
Оқылды: 41

Түркиядағы инфляция кейінгі 20 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

Түркияның статистикалық институты инфляция 20 жылға жуық уақыт ішінде алғаш рет 48,7 пайызға артқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі институт сайтына сілтеме жасай отырып.

FA90D5E6-52D0-41A1-99A0-BD6085437CF2

Былтыр желтоқсанмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 12,61 пайызға артқан. Осылайша, оның қарқыны 2002 жылдың сәуірінен бастап жоғары деңгейге дейін өсті.

Қаңтарда Түркияда тұтыну бағалары индексі 11,10 пайызға артты. Ал былтыр желтоқсанда бұл көрсеткіш 13,58 пайызға артты. Түркияның Қаржы министрлігі қызметкері сәуірде инфляция жоғары деңгейге жетуі мүмкін екенін айтты.

Көлік қызметтері едәуір қымбаттаған, яғни 68,9 пайызға артқан. Азық-түлік пен алкогольсіз сусындар 55,6 пайызға артқан.

Бұған дейін түрік лирасы әлі де құлдырап жатқаны, тағы 2,5 пайызға арзандағаны хабарланды. Сауда деректері орталық банк межені төмендеткеннен кейін 1 долларға 16 лирадан тең келетінін көрсетті.

Кейінірек Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған валютаны нығайтуға бағытталған жаңа жоспар жариялағаннан кейін екі күнде түрік лирасы күрт өсті.

Айта кетейік, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ұлттық статистика агенттігінің басшысы Саит Эрдал Динчерді қызметінен босатқан еді. Мұндай шешім елдегі жұмыссыздық пен инфляция туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін қабылданды. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале