Кейбір оқырмандарымыздың өтініштері бойынша «Орал өңірі» газетінің редакциясы «Танысқым келеді менің сізбен...» айдарын қайтадан жандандырмақ ниетте.
Бұрынғылар «Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан» деп бекер айтпаса керек-ті. «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» деген Абай атамыздың өлеңінде де үлкен мағына бар. Иә, өмір болған соң, түрлі жағдай болады. Түрлі себеппен өмірлік сыңарын кездестіре алмай, жалғыздықтан дегбірі қашқандар қаншама? Мұндайда қайтпек бар? Әрине, әрекет етіп, құстың қос қанатындай болар қосағыңды іздеген абзал. Егер сіз де жаныңызға жақын адамыңызды іздеп тауып, сырлы сезімге бөленгіңіз келсе, бақытыңызға қарай қадам жасаңыз! Өмірлік серігін жолықтырғысы келетін жандардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.
Өзіңіз туралы қысқаша мәліметті және болашақ өмірлік досыңызға қойылатын басты талаптарды 8-771-179-31-44 WhatsApp нөміріне смс-хабарлама арқылы немесе tanysu_burushy Instagram парақшасына жолдасаңыз болады.
Редакция алқасы