Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарындағы 5 ақпандағы медальдар есебі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық спортшылар 5 ақпанда трамплиннен секіру, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, могул, шорт-трек секілді сайыс түрлерінен жарыс жолына шығады. Олардың барлығы жүлдегерлер қатарынан көріне алған жоқ.
Әзірге әлемнің 13 елінен келген спортшылар жеңімпаздар тұғырында бой көрсетті. Олардың арасында 2 алтын медаль алған Норвегия құрамасы көш бастап тұр. Одан кейінгі орындағы Словенияның 1 алтын, 1 қола жүлдесі бар. Ал Қытай, Нидерланды, Швеция құрамасы әзірге 1 алтын еншілеп үлгерді.
Токио Олимпиадасының 5 ақпандағы медаль алған ел құрамаларының кестесі төмендегіше:
1. Норвегия - 2-0-0
2. Словения- 1-0-1
3. Cловения - 1-0-0
3. Қытай - 1-0-0
3. Швеция - 1-0-0
6. Италия- 0-2-0
7. Канада - 0-1-1
7. Ресей - 0-1-1
9 Германия - 0-1-0
9. Франция- 0-1-0
11. Австрия - 0-0-1
11. Венгрия - 0-0-1
11. Жапония - 0-0-1
Ақ Олимпиадада еліміздің атынан 34 спортшы 87 жолдама бойынша сынға түседі.
Мамандардың айтуынша, қазақстандық спортшылар фристайл-могул, фристайл-акробатика, шорт-тректе жүлде қорын толықтыруы мүмкін.