7.02.2022, 12:50
Оқылды: 71

Қазақстандықтар банкроттық туралы заң жобасын талқылап жатыр

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР заңы жобасы қоғам талқылауына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

200526171553466e

ҚР Қаржы министрлігінің мәліметінше, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңы жобасы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасы, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасы, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы жобасы әзірленген.

Бұл заң жобалары ашық нормативтік-құқықтық актілер порталына 2 ақпан күні орналастырылды. Жобалар 2022 жылдың 23 ақпанына дейін ашық талқыланады.

Айта кетерлігі, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасы ел азаматының кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Сондай-ақ азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот банкроттық рәсімін қолдануы үшін негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале