8.02.2022, 15:50
Оқылды: 19

2021 жылы Ұлттық қор кірістілігі 4,2 пайызды құрады

2021 жылы Ұлттық қор кірістілігі 4,2 пайызды құрады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

210512112026192a3786783i

«2021 жылы 2,7 трлн теңге түсім және 4,5 трлн теңге трансферттердің бөлінуіне байланысты Ұлттық қордың активтері 55,3 млрд долларға дейін төмендеді. Нарықтардың құбылмалылығына қарамастан, Ұлттық қор кірістілігі 4,2 пайыз немесе 2,3 млрд доллар көлемінде қамтамасыз етілді. 2022 жылы активтердің теңгерімді аллокацияға өтуі аяқталады және акциялар нарығының төмендеу әсерін барынша азайту үшін қорғау және балансқа келтіру стратегиялары енгізіледі», - деді Ғалымжан Пірматов.

Оның айтуынша, 2021 жылы мемлекеттік борышты, валюталық интервенцияларды және Үкіметтің шоттары бойынша басқа да операцияларды төлеу үшін еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің қысқаруына байланысты алтын-валюта резервтері 34,4 млрд долларға дейін 1,3 млрд долларға төмендеді. «2021 жылдың қорытындысы бойынша жалпы халықаралық резервтер 89,7 млрд долларды құрады», - деді ҰБ төрағасы.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале