8.02.2022, 17:00
Оқылды: 155

Допты хоккей: «Ақжайық» «СКА-Свердловск» командасын екінші рет ұтты

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін «Ақжайық» өз айдынында «СКА-Свердловск» командасымен екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10

Бұл кездесуде де Николай Шавалдиннің шәкірттері айқын басымдық көрсетіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойын барысында екі рет мергендік танытқан ресейлік легионер Максим Пахомов биылғы маусымда соққан гол санын 30-ға жеткізді.

Сондай-ақ команда капитаны Максим Өтебалиев қос голдың авторы атанды. Ресейліктер Сергей Башаев пен Александр Слугин қарсыластың қақпасына бір-бір доптан енгізді.

Қонақтардан Алексей Снегирев қана гол соға алды.

Осы ойыннан кейін 27 ұпай жинаған оралдық клуб үшінші топта төртінші орынға көтерілді.

«Ақжайық» келесі матчтарын Оралда 11-12 ақпанда негізгі қарсыластарының бірі - «Маяк» (Краснотурьинск) командасымен өткізеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале