2021-2022 оқу жылында БҚО-да 379 білім ошағы жұмыс істеуде. Оның 363-і – жалпы білім беретін, 5-еуі мамандандырылған, 3-еуі арнайы, 3-еуі кешкі, 5-еуі –жеке мектеп.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша өңірімізде 250 қазақ тілінде, 26 орыс тілінде оқытатын және 103 аралас мектеп бар. Ағымдағы оқу жылында орыс тілінде оқытатын 9 мектепте қазақ сыныптары ашылды.
Бес жеке мектептің екеуі – бастауыш, үшеуі – орта мектеп. Оларда 789 оқушы білім алуда. Философиялық бағыттағы жеке орта мектеп оқушы болмауына байланысты оқу үдерісін тоқтатқан. Облыстағы жалпы оқушылар саны – 114 496. 76 611 оқушы қазақ тілінде, ал 37 885 оқушы орыс тілінде білім алуда.
zhaikpress.kz