11.02.2022, 15:30
Оқылды: 51

Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік жарна енгізілмек

Қазақстанда туризм саласындағы инвестициялық жобаларға жеңілдік алу оңайлатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3

«KAZAKH INVEST» компаниясының мәліметінше, жыл басынан «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Оған сәйкес заңнамаға бірқатар маңызды түзетулер әзірленді. Атап айтқанда,туризм саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту бөлігінде 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап инвестициялық басым келісімшартқа қол қою және тиісті преференциялар алу үшін инвестор жобаны іске асыруға кемінде 200 мың АЕК (612,6 млнтеңге) салуы тиіс. Мысалы, жаңа өндірістер құру кезінде барлық жобалар үшін жалпы шек - 2 млн АЕК (6,1 млрд теңгеден астам), жұмыс істеп тұрғандарын жаңарту кезінде - 5 млн АЕК (15,3 млрд теңгеден астам), тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласында жаңа өндірістер құрылған жағдайда – 1 млн АЕК (3 млрд теңге) болады.

Сонымен қатар осы жылдан бастап Кәсіпкерлік кодексінде туристік қызмет шағын және орта кәсіпкерлікпен, индустриялық-инновациялық қызметпен, инвестициялық қызметпен және агроөнеркәсіптік сектормен қатар кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі бағыттарына енгізілген.

«Осылайша, бизнес әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау, туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау, тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техниканы сатып алу, санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстау, жол бойындағы сервис объектілерін салу және тағы басқалары кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу түрінде қолдау алатын болады», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Сервистік қолдау департаментінің директоры Алида Түйебекова.

Мұнан бөлек, «bed tax»-тің тікелей баламасы болып табылатын шетелдіктер үшін туристік жарна сияқты жаңа енгізілім қолданылатын болады. Бұл - туристерге жатақханаларды, қонақ үйлерді, қалалар мен аудандардағы жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін алынатын төлем. Туристік жарна операторлары шетелдіктер үшін алынған қаражатты жергілікті бюджетке аударады. Жарна мөлшерін әкімдіктер анықтайды.

Сонымен бірге келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау ережелері күшіне енді. Әрбір тартылған шетелдік турист үшін туроператорларға 15 000 теңге мөлшеріндегі шығын субсидияланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале