Қазақстанда полиция мен сот шешімін күтпей-ақ жеңіл жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру төлемін алу үшін құжаттарды ресімдеуге мүмкіндік беретін Еурохаттама қабылдау жоспарланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы нарығын реттеу және даму агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі, Еурохаттама ретінде танымал, Еуропа елдерінің көпшілігінде және Ресей, Беларусь, Украина, Армения және Өзбекстан сияқты бірқатар ТМД елдерінде ұсынылған.
"Бүгінде жолдарда көптеген ұсақ жол-көлік оқиғасы болады. Оның көбісінде адам зардап шегіп, мүлікке зиян келмейді. Бірақ сақтандыру төлемін алу үшін жүргізушілер жол полициясы қызметкерлерін шақырып, хаттама толтырып, сот шешімін күтеді. Бұл процесс екі айға дейін созылады. Сақтандыру нарығын дамыту туралы заң жобасын қарау барысында Мәжіліс депутаттары жеңіл жазатайым оқиғалар кезінде сақтандыру төлемдерін алу тәртібін жол полициясы қызметкерлерінің қатысуынсыз Еурохаттама негізінде оңайлату мәселесін көтерді", - деді агенттік өкілі.
Еурохаттама мынадай шарттарда қолданылуы мүмкін:
Агенттік мәліметінше, бұл процедура жазатайым оқиғаны тіркеу және зардап шеккендердің сақтандыру төлемдерін алу уақытын айтарлықтай қысқартады.
ЖКО-ны тіркеу жазатайым оқиғаға қатысушылардың қай сақтандыру компаниясында сақтандырылғанына қарамастан, Бірыңғай сақтандыру деректер базасының мобильді қосымшасын пайдалану арқылы жүргізіледі.