11.02.2022, 16:45
Оқылды: 37

БҚО-да 270 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

 Батыс Қазақстан облысында 269 140 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілді.

211224144226941e

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, бұл – жалпы жоспардың 64,9 пайызы. Оның айтуынша, соның басым көпшілігі, яғни 191 148-і «Спутник V» вакцинасын салдырды.

Сондай-ақ облыс бойынша 253 515 адам екінші компонентті де қабылдады. Қазіргі таңда Pfizer компаниясының «Комирнати» вакцинасын 9 467 адам алса, соның 4 920-сы – жасөспірімдер, 340-ы – жүкті және 4 207-сі – бала емізетін әйелдер. Өңірде 52 349 тұрғын ревакцинациядан өтті. Соның ішінде «Спутник Lite» вакцинасымен 2 673 адам егілді. «Комирнатимен» 2 307 адам ревакцинацияланса, соның 1 052-і – медицина қызметкерлері, 1 255-і – 60 жастан асқан адамдар. «Бүгінде қала және аудан емханаларында «Спутник V», «QazVac», «Vero Cell», «Комирнати», «Спутник Lite» вакциналары жеткілікті көлемде бар», деді Г.Әбдірахманова.

Оның сөзіне қарағанда, облыста 1 631 науқас амбулаториялық ем алып жатса, соның 1 019-ы (62,4 пайызы) Орал қаласында. Сондай-ақ 14 инфекциялық стационарда 275 науқас ем қабылдауда. Ауруханалар 36,6 пайызға толған, бұл өткен аптамен салыстырғанда, 16 пайызға аз. Жансақтау бөлімшесінде жатқан 21 науқастың 15-і ауыр, алтауы аса ауыр халде. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да инфекциялық стационарлар 39,4 пайызға толғанын, коронавируспен ауырған 700-ден астам науқастың карантин талабын бұзғандығын жазған болатынбыз.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале