Қырғызстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Эдиль Байсалов Коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Талқылау қорытындысы бойынша, Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігіне COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болғандарды оқшаулауды, сонымен қатар республика аумағына келуші вакцина алған азаматтардан ПТР-тестін талап етуді алып тастау бойынша тапсырмалар берілді. Осылайша, Қырғызстанға келген азамат ПТР-тест туралы анықтама немесе вакциналау сертификатын көрсетуі керек болады.