13.02.2022, 15:30
Оқылды: 23

Қытайда автобус жарылып, бір адам көз жұмды, 40-тан аса адам зардап шекті

Қытайда автобус жарылып, салдарынан бір адам көз жұмды, 40-тан аса адам зардап шекті. Жарылыс сенбі күні кешке Ляонин провинциясының (Солтүстік-Шығыс Қытай) әкімшілік орталығы Шэньян қаласында болды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Хуанцюван» сайты жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлайды.

1B76DA7A-85B0-49A5-BD69-B9515BBB5962

Басылымның деректеріне сай, 12 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:55-те Шэньян қаласының Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының орталығына Хуангу ауданында келе жатқан 232 автобуста жарылыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті.

«Хуанцюван» сайтында әйнектері сынып, сырты зақымданған жолаушылар автобусының суреті жарияланған.

Соңғы деректерге сәйкес, жарылыс салдарынан бір адам көз жұмған, екі адам ауыр, 40 адам жеңіл жарақаттар алған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Жарылыстың неден болғаны анықталып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале