14.02.2022, 10:11
Оқылды: 65

ҰБТ: Мүмкіндігі шектеулі түлектерге қосымша 40 минут беріледі

 ҚР Білім және ғылым министрінің ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу тәртібіне өзгеріс енгізетін бұйрығы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

606ad4ac23724375448800

Құжаттың жаңашылдығы ҰБТ-ға қатысу туралы өтініш беру және ҰБТ өткізу мерзімдерін қамтитынында. Сондай-ақ, тест тапсырушының сынаққа кірген кезде өзімен бірге алып кіруіне тыйым салынатын заттардың қатары көбейіп отыр.

Олар:

- Мобильді байланыс құралдары (ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Ipad), iPod (iPod), смартфондар, рациялар;

- Ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді маршрутизаторлар);

- Смарт сағат, сымды құлаққаптар, сымсыз, микро құлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құралдары және басқа ақпарат алмасу құрылғылары. Осы талаптарды орындап тестілеу орнына кіргеннен кейін мына әрекеттер арқылы сынақ тапсыру қажет:

- тестілеу жүйесіне кіру үшін логин мен парольді көрсету;

- компьютерге орнатылған алдыңғы камералар арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасын авторизациялаудан өту;

- «ҰБТ тестілеу» интерфейсін ашу;

- тест тапсыратын тілін таңдау, (!!!бұл ретте тестілеу басталғаннан кейін тестілеуді тапсыру тілі өзгермейді);

- бейіндік пәндер комбинациясын таңдап, дұрыс таңдауды растаңыз;

- ҰБТ тапсыруға кірісу. Тест тапсырушы аталмыш жүйеге кіріп-шыққан сайын компьютерде орнатылған алдыңғы камералар арқылы бетінің көлемдік-кеңістіктік нысаны авторизациялап отырады.

Сондай-ақ ҰБТ өткізу пунктінде электр қуаты өшірілген жағдайда немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайлар кезінде тестілеу уақытша тоқтатылады және тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасала отырып, басқа күнге ауыстырылады. Яғни ҰБТ өткізу қағидаларының тізбесіне «тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы актіні» жасаудың үлгісі қосылып отыр. Тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы актіні тестілеу әкімшісі мен өңірлік мемлекеттік комиссия бірлесіп жасайды. Министр бұйырығындағы тағы бір өзгеріс тестілеу кезіндегі үзілістерге қатысты.

Атап айтсақ, тестілеу басталғаннан 120 минут өткен соң берілетін үзіліс 15 минуттан 3 минутқа дейін қысқартылды. Көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мұқтаждығы бар балаларға тестілеу кезінде қосымша 40 минут беріледі. Тестілеудің әдеттегі ұзақтығы – 240 минут.

Фотоның дереккөзі sn.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале