Сотқа жүгінген талап қоюшы 2016 жылдың ақпан айында қарыз алушыға 750 000 теңге несие берілгенін, бірақ жауапкер несиені өтеу және сыйақы уақтылы төлеу бойынша міндеттемелерін бұзғанын көрсеткен. Сотқа талап арыз беру кезіндегі қарыз сомасы 302 250 теңгені құрады.
Алдын ала сот талқылауы барысында тараптар сотқа дейінгі хаттама жасап, дауды бітімгершілікпен шешті: жауапкер талапкерге қарыз сомасын 15 ай ішінде тең бөліп төлеуге міндеттенді.
Орал қаласының №2 соты
Суреттің дереккөзі: stan.kz