Кеше Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев ауған соғысы ардагерлерімен кездесті. Казталов аудандық орталық кітапханада өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, дербес бөлім басшылары, аудандық ауруханалардың директорлары, ауған соғысы ардагерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
1979 жылдың 25 желтоқсанында Ауғанстанға кіргізілген Кеңес әскерінің шектеулі контигенті, 1989 жылдың 15 ақпанында Женева келісімдеріне сәйкес толық шығарылған болатын. Биыл айтулы оқиғаға 33 жыл толып отыр. Ауған ардагерлерімен өткен басқосуда азаматтар өздерінің естеліктерімен бөлісіп, өтініш-тілектерін жеткізді. Аудан әкімі Альберт Темірболатұлы ардагерлерді айтулы күнмен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етті.
Сонымен қатар, айтылған ұсыныстардың назарда болатындығын атап өтті. Сондай-ақ, Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Радж Шәріпов саладағы өзгерістермен ауған соғысы ардагерлерін хабардар етті.
Ардагерлердің құрметіне орай өткізілген жиынды Нәрік Дүйсенов пен Қайрат Абдулов әуезді әнімен әрледі. Шара себепкерлері айдан басшылығына ризашылықтарын білдірді.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz