15.02.2022, 12:30
Оқылды: 47

Өрт күшті ме? Халық күшті ме?

4 ақпан күні Орал қаласы, Деркөл кентінде бір баспана өртеніп кетті. Жалаған жерін жоқ қылатын жалын, үйді де, айналасындағы қосалқы құрылыстарды да күлге айналдырыпты. Құжаттар да от арасында кеткен. Ең бастысы, отағасы Байтуған жары Самал мен 4 баласын құтқарып үлгерген. 

IMG-20220215-WA0050

Әрине, дүниенің орыны толар, бастысы адам аман. Көңілге – сол медеу. Дегенмен, ақпанның ақ қарында үйсіз қалу кім – кімге де оңай емес.

IMG-20220215-WA0051

Тілеужанов Байтуған ағамыз Жымпитыда тұрған екен. Дөркелдегі үй – оның табан ақы, маңдай тері еді. Балаларының да арман, қызығы сол шаңырақ–тын.

Бүгінде ел Тілеужановтар жанұясына жылу жинап жатыр. Жұмыс көп. Кәмелетке толмаған 4 баласы бар отбасыны уақытша пәтерге орналастыру, тұрмыстық тұтыну тауарларымен қамтамасыз ету, құрылыс материалдарын жинап, үйді қалпына келтіру – бәрі де шаруа.

IMG-20220215-WA0052

Өрт - алапат! Халықтың өрттен де мықты екенін дәлелдейік! Жерлестерімізге жәрдем етейік!

Kaspi - есепшот: 8 747 106 96 42 (Самал.Т)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале