15.02.2022, 15:00
Оқылды: 78

«Самұрық-Қазына» бір көзден сатып алудың жаңа тәртібін әзірледі

«Самұрық-Қазына» бір көзден сатып алудың жаңа тәртібін әзірледі. Бұл туралы Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Аласадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220125175620a3890656d

«Президент қорға тікелей екі тапсырма берді. Біріншісі - қордың ірі инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша ашық халықаралық тендерлерді қамтамасыз ету. Осы тапсырманы орындау үшін қор келесі іс-шараларды жүзеге асырады. Сатып алудың жаңа тәртібін қор басқармасы алдын ала мақұлдап, Қаржы министрлігіне, Бәсекелестікті қорғау агенттігіне және «Атамекен» ҰКП-ге жіберді. Жаңа тәртіпте бір көзден сатып алу тәсілі мен негізі қысқартылды және компанияаралық сатып алулар алынып тасталды», - деді ол.

Қор басшысының атап өтуінше, жаңа тәртіпті директорлар кеңесі 15 ақпанда бекітпек.

«Тендерлердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қордың инвестициялық қызметінің корпоративтік стандартына өзгертулер енгізу жоспарланған. Жобалар ашық халықаралық тендерлер негізінде ғана жүзеге асырылады. Жобаларды іске асыру кезеңдері туралы ақпарат жарияланады. Сонымен қатар қор директорлар кеңесі және қоғамдық кеңес алдында ірі жобаларды жүзеге асыру туралы қосымша есеп береді», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале