Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы биылғы ел біріншілігінің қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мәлім етті.
Биыл ел біріншілігі 5 наурызда жалауын көтереді. Ол 6 наурызда мәресіне жетеді.
Алғашқы турда 5 наурызда «Каспий» (Ақтау) мен «Қызылжар», «Тұран» (Түркістан) мен «Тараз», «Атырау» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Мақтаарал» (Түркістан облысы) командалары кездеседі.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан суперкубогы 2 наурызда елордада «Астана Арена» стадионында өткізіледі.
Суперкубокты қостанайлық «Тобыл» мен кубок иегері алматылық «Қайрат» сарапқа салады.