17.02.2022, 9:10
Оқылды: 50

Допты хоккей: «Ақжайық» көш бастаушы командаға есе жіберді

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» Воткинскіде жергілікті «Знамя-Удмуртия» командасымен екі ойын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

211207161141302a3871405i

«Знамя-Удмуртия» – үшінші топта жекедара көш бастап келе жатқан клуб.

15 ақпан күні айдын иелері «Ақжайықты» 6:1 есебімен қапы қалдырды. Мұнда қонақтардан ресейлік сұрмерген Максим Пахомов қана гол соғып, көзге түсе алды.

Сәрсенбі күнгі кездесу әлдеқайда тартысты өтті. Бірінші таймда оралдықтар бірнеше рет таразы басын теңестіріп, қарсылық танытты. Дегенмен «Знамя-Удмуртия» 7:4 есебімен жеңіске жетті.

«Ақжайық» сапында ресейлік Сергей Башаев екі голдың авторы атанса, Павел Чебаков пен М.Пахомов қарсыластың қақпасына бір-бірден доп енгізді.

Енді Николай Шавалдиннің шәкірттері 19-20 ақпан күндері Уфада турнир кестесінде екінші орында келе жатқан «Кировец» командасымен ойнайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале