ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рүстембек Әмрин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдануын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, сондай-ақ қар астында мұз қабығының болуын ескеріп, су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды. Тәуекелі жоғары өңірлерге СҚО, ШҚО, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстары жатады. Орташа қауіпті аймақтарға: БҚО, Ақтөбе, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары кіреді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның дерегінше, қазіргі уақытта қар жиналу процесі жалғасуда және су тасқынына түпкілікті болжам Қазгидромет тарапынан 1 наурыздағы жағдай бойынша дайындалып жатыр.
«Соңғы бес жылда су тасқынынан еліміздің он өңіріндегі 165 елді мекен зардап шекті», - деді департамет бастығы.