Батыс Қазақстан облысында қар құрсауында қалған 12 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 20 ақпан күні түсте Шыңғырлау ауданы аумағында болды.
Сағат 12.58-де Ақтау ауылы маңында үш автокөлік батып, қар құрсауынан шыға алмаған.
Оқиға орнына №23 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері (3 адам, 1 техника) мен «Ернар» шаруа қожалығынан 2 адам 1 техникамен барып, қолұшын созды.
Адамдар мен үш автокөлік Шыңғырлау ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді. 12 адам құтқарылса, соның жетеуі – балалар.