21.02.2022, 16:20
Оқылды: 29

Түркия жағалауында екі жойқын жер сілкінісі болды

Түркия жағалауында Мәрмәр теңізі мен Эгей теңізінде екі жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Volcano Discovery сайтына сілтеме жасап.

photo_94774

Портал мәліметінше, Эгей теңізінде магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісі болған. Апат ошағы Мугла провинциясының жағалауында орналасқан. Ошақ - 29,26 шақырым тереңдікте.

Апаттар және төтенше жағдайларды басқару президиумы (AFAD) Мәрмәр теңізіндегі Текирдагтың Саркөй аймағына жақын жерде магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі болғанын хабарлады. Ошақ - жеті шақырым тереңдікте.

"Қазіргі ақпарат бойынша Эгей теңізінің жағалауында 4,0 баллдық жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Аймақтық жедел жәрдемнің бас дәрігеріне қоңыраулар түскен жоқ", - деп жазды Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожи Twitter-парақшасында.

"Мен талай жер сілкінісінен аман қалдым, бірақ өмірімде бірінші рет осындай жойқын жер сілкінісін көріп тұрмын. Ол өте күшті болды, дыбыстарды бәрі естіді. Көршілер көшеге жүгіріп шықты, шу басталып, иттер үре бастады", - дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале