21.02.2022, 15:20
Оқылды: 61

Күдікті тұлғаларды ұстау жағдайына қатысты жалған ақпараттар таратылып жатыр – Қилымжанов

Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

b0G7epEcWDlE6dMJiNU8yIIz89N3drib5hLniqaf
Әлеуметтік желіде күдікті тұлғаларды ұстау жағдайына қатысты жалған ақпараттар таратылып жатыр. Сондықтан азаматтарға тек ресми деректерге сенуді және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамыз. Күдіктілерді ұстау шарттары халықаралық стандарттарға сай келеді, - деді ол.

Қилымжанов атап өткендей, әрбір күдіктімен жұмыс жеке жүргізіледі.

Қамаудағылардың өтініштері үй-жайлардың температуралық режиміне, сәлемдеме алудың қиындығына, туыстарымен кездесу ұйымдастыруына қатысты болды. Қазіргі уақытта осы мәселелердің барлығы шешілді, - деді ол.

Қилымжанов атап өткендей, қаңтар оқиғаларына қатысып, тергеуді отырған адамдарға қоғамдық бақылау комиссия өкілдері, Парламент депутаттары кіріп, жағдайларын тексеріп жүреді.

baq.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале