22.02.2022, 11:30
Оқылды: 42

ЕО мен НАТО Ресейдің шешімін қатаң сынға алды

ЕО пен НАТО бірауыздан Ресейдің Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының егемендігін мойындау туралы шешімін қолдамайтынын жариялады.

29980741aca63a47316ee589e8f082d9_resize_w_742_h_365

Солтүстік Атлантика өңірінің басшылары мен Еуроодақ Мәскеудің бұл әрекетін қатаң сынға алып, Ресейге қарсы бірқатар санкциялар жарияланатынын хабарлады. Мәлімдемеде Еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррель Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен мен Еуропа кеңесінің басшысы Шарль Мишель Ресейдің шешімін заңсыз деп бағалаған. Сонымен қатар Мәскеу халықаралық құқық пен Минск келісімін бұзды делінген. Жозеп Боррель Ресейге қолдау көрсеткендердің барлығына санкция жарияланатынын және Беларусь билігін де Украина аумағына әскерін кіргізетін болса Еуропа тарапынан шектеулерге ілінетінін ескертті.

Жозеп Боррель, ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:

– Егер Ресей Беларусь аумағы арқылы Украинаға шабуыл жасаса, онда Беларуське қарсы санкциялар қабылданады. Бұл санкциялар Ресейге қарсы қабылданғандай қатаң болады.

Брюссель Ресейге төтеп беру шараларын талқылау үшін Еуропалық Одақтың шұғыл саммитін өткізбек ниетте. Сарапшылардың пайымдауынша, «Солтүстік Ағын-2» жобасына  шектеулер қабылданып, секторлы санкциялар жариялануы бек мүмкін.

NEGE. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале