22.02.2022, 12:15
Оқылды: 44

Дойбыдан дара озғандар

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Бүгінде аталған жыл құрметіне түрлі шаралар бастау алды. Әсіресе Бәйтерек ауданы жастары белсенді. Жуырда Трекин ауылдық округінің жастары мектеп жасындағы бүлдіршіндер арасында дойбы жарысын ұйымдастырды.

93926ADC-D3D4-46EF-9459-EA6769D45327

Ауданға қарасты бірнеше мектеп оқушылары бақ сынаған шаршы тақта тартысы қызықты өтті. Қорытындысында Қадыр Мырза Әли атындағы мектеп оқушысы Мақсот Абылай үшінші орынға ие болса, Новенький мектебінің оқушысы Ақбаян Есетова екінші, Қадыр Мырза Әли мектебінің тағы оқушысы Ернар Шайдуллин бірінші орынды жеңіп алды.

33CE6D85-6FDE-49FA-A9AE-C2635DFD1DB3

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан берілген бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарына ие болды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале