Оның айтуынша, Ресей Украинаны демилитаризациялауға күш салады.
Ресейдің жоспарында Украинаны оккупациялау жоқ, - деді Владимир Путин.
Ресей басшысы Украина азаматтарына да үндеу жасады.
-Қырымдықтар өз таңдауын жасады, біздің әрекетіміз жасалған қауіп-қатерден өзін-өзі қорғау болып табылады, мен өзара әрекеттесуге шақырамын, - деді Владимир Путин.
Владимир Путин өз сөзінде Украина әскерилеріне де тоқтады.
- Сендер хунтаға емес, халыққа ант бердіңдер, тез арада қаруларыңды тастап, үйлеріне қайтыңдар, - деді Владимир Путин.
Путиннің сөзінше, Украинадан төніп тұрған қауіп қатерден Ресей өзін қауіпсіздікте сезіне алмайды. Болашақта дұрыс дамып, өмір сүре алмайды.
Ресей президенті НАТО-ның алдауы мен бопсалауы туралы да айтты.
Ол Мәскеудің отыз жыл бойы НАТО блогын шығысқа қарай кеңейтпеу туралы келісімге келуге тырысқанын, бірақ алдау, қысым көрсету және бопсалау әрекеттерімен бетпе-бет келгенін еске салды.
Путин Украинада ядролық қару болуы мүмкіндігін де жоққа шығарды. Ол Ресей Киевтің мұндай қадамға баруына жол бермейтінін атап өтті.
Ресей президенті қантөгіске Украина билігін айыптады.
-Мен алда болуы мүмкін қантөгіс үшін барлық жауапкершілік Украина аумағында билік ететін режимнің ар-ожданында болатынын тағы бір рет атап өтемін, - деді Владимир Путин.