24.02.2022, 10:31
Оқылды: 76

Өнер майталмандарына құрмет

1 наурыз – Алғыс айту күні. Ел тұрғындарының бір-біріне ілтипат, құрмет, ризашылық білдіретін төл мерекесі. Бұл күні отандастарымыз ата-аналарына, ұстаздарына, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-біріне алғыс айтып, жылу сыйлайды.
Колледж шара (11)

  1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Қаратөбе колледжінің ұйымдастыруымен Алаш және Қайыржан Хасанов атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Біздің сүйікті ән» тақырыбында сазды әуенді кеш ұйымдастырылды.

Айтулы шара ел арасында жүріп халықтың құрметін алып, қошеметіне ие болған талантты өнерпаз жандарға арналды. Кештің қадірменді қонақтары – талай әнші дүлдүлдерді дүниеге әкелген қасиетті өңір Қаратөбе топырағында туып өсіп, өнерге аз да болса өз үлестерін қосып жүрген, өлкемізден шыққан, туа біткен талантының арқасында әсем дауыстары мен әуезді әндері арқылы көпшілік құрметіне бөленіп жүрген өнерпаз аға буын өкілдері.

Колледж шара (7)

Бұл аға-апаларымыздың әннің құдіретін сезініп, нақышына келтіріп жеткізе білудегі шеберліктері өз алдына бір әңгіме. Әсем де қоңыр дауыстарымен сахнаға көрік беріп, шығармашылықтың ортасында жүріп, күні бүгінге дейін тындарманын тамсандырып келеді. Ауданымыздың мәдениеті мен өнеріне атсалысып жүрген Бейбіт Сағынғалиев, Мағзом Есендосов, Абай Сәлекеев, Мақсот Өтеғалиев, Жұмабай Кәрімұлы, Әлия Жұбашева, Мереке Сағидуллин, Қайрат Темірұлы, Марат Тажаяқов, Қуаныш Дүйсенғалиев секілді өнер майталмандары бар.

Кештің ашылу салтанатында 80 жылдардағы өмірді суреттейтін образ сомдалып, сол жылдардағы ескі әндер шырқалды. Кештің жүргізушілері ең алдымен 70-80 жылдардың бет-бейнесі, сол уақыттарда ғұмыр кешкен, өмір сүрген заманында халық арасынан шығып, талайларға танылған ел ағаларын шақырып салиқалы әңгіме өрбітті.

Колледж шара (13)

Шарада кеш қонақтары жалпы өнерге келу жолдарын айтып өтті. Өнер иелері Бейбіт Сағынғалиев, Мағзом Есендосов, Абай Сәлекеев, Мақсот Өтеғалиев ағаларымыз басқа салада қызмет атқарса да өнерден алыс емес екендігін айтып өтті.

Рухани шараның екінші бөлігінде Қаратөбе саз мектебінің ұстаздарынан құралған оркестр кеш қонақтарына әсем ән мен күмбірлеген күй орындап берді.

Сазды шарада 80 жылдарда өнер көрсетіп, халық жүрегінде қалған ел ағаларының ізін басқан Қуаныш Дүйсенғалиев, Марат Тажаяқов сынды ауданымыздың өнер саңлақтары кешке шақырған колледж ұжымына ризашылықтарын жеткізіп, қазіргі таңдағы қызметтеріне тоқталды. Бұл өнер иелерінің де талай шәкірттері облыстық, республикалық ән байқауларында жүлделі орындар алып жүр.

Колледж шара (14)

Шарада аудан жастарына үлгі көрсетіп жүрген Алакөл елді мекенінде тұратын Қайрат Темірұлының да есімі ерекше аталды. Колледж ұжымы Қайрат ағамыздың өнерін кейінгі жастарға үлгі ету мақсатында арнайы бейнеүзік дайындап, кеш қонақтарының назарына ұсынды.

Шара соныңда колледж директоры Мәулен Аманшаұлы шараның мақсаты – аға буын өнер иелерінің еңбектеріне құрмет көрсету, олардың өнерлерін кейінгі ұрпаққа насихаттау екенін атап өтті. Сонымен қатар кездесуге келген өнер майталмандарына алғысхат пен арнайы дайындалған "Халық алғысы" медальдарын кеуделеріне тағып, құрмет көрсетті. Өнерлі жандар өз кезегінде патриоттық бағыттағы әнді шырқап, тағылымды рухани кешті қорытындылады.

 Әмірбек Жәнібеков,

Қаратөб ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале