26.02.2022, 22:40
Оқылды: 56

«Бұлдыртының баласымын»

- Германияға көшкенімізге де 30 жылдың жүзі болды. Әйтсе де, өсіп-өнген Бұлдыртымыз, Батыс Қазақстан, Сырым елі жүрегімізге өте ыстық. Әскерден кейін әкемнен айырылып, отбасымызбен Шымкенттің Жетісайына көштік. Бұлдырты мен Жетісайдың баласымын десем де болады, - деп бастады әңгімесін Александр ата.

АЛЕКСАНДР ДЕЙСЛИНГ (1)

​Александр Дейслинг бүгінгі таңда Германияның Мюнхен қаласында тұрады. Ұлты неміс болғанмен, «өзімді қазаққа сіңісіп кеткен неміспін десем болады»,- дейді. Балалық шағы Бұлдыртыда өткен Александр Адольфұлы бала күнінен әкесінен үйренген бау-бақша өсіруді де бүгінде сүйікті ісіне айналдырған.

​- 500-600 шақырым жерге жеміс-жидектерді, көкөністерді егетін еді үлкендер. Соның септігі көп болды мен үшін. Германияда тұрсақ та, қанға сіңген әдетпен отбасымызда қазақтың бешбармағын әзірлейміз. Әндерін де айтамыз. Әсіресе, «Дос-Мұқасан» тобын сүйіп тыңдаймын. Өзім де ара-тұра әндететінім бар.

Елге қарай елеңдеп тұратынымызды да жасырмаймын. Қазақстандағы «қаңтар оқиғасы» да елең еткізбей қоймады. Ел үшін, қандастарымыз үшін уайымдадық. Бірақ, қиындықтың бәрі артта қалды. Қазақстандағы ағайындарға, жерлестеріме ризашылығым зор. Бала күнімнен еңбекке араласып, бау-бақшаның қыр-сырын үйреніп қана қоймай, спортқа да махаббатымыз оянған өлке мен үшін әрдайым бөлек.

Жерлестеріме, Сырым еліне, Қазақстан халқына тек бейбітшілік пен ынтымақ тілейміз. Сәті түссе, туған жерге барып қайту да жоспарда бар, - дейді кейіпкеріміз.

 

Айжан Амангелдина, 

Сырым ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале