28.02.2022, 17:45
Оқылды: 53

Қар суын Жайыққа бұрдық

Көзді ашып-жұмғанша қыс та аяқталды. Көктем келе қар еруіне байланысты төтенше жағдайлар орын алу ықтималдығы артады. Және де, метеорологтар биыл қар жабыны былтырғыдан қалың деп отыр. «Қазгидромет» АҚ мәліметіне сүйенсек, биыл қардың ылғалдық қоры да жоғары көрінеді. Мәселен, қардың ылғал қорының бірнеше жыл бойғы көрсеткіші қалыпты 59 мм болса, ал биыл ол 70 мм болыпты.

InShot_20220228_173525094

Ендеше, қар суының «қозғалысына» дайындық мықты болуы керек-ті.

Осы орайда, Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі аумағында қар суы ағар арналарды аршып, судың кедергісіз Жайыққа құйылуына қам жасалды. Бұл, бір жағынан ауылды су баспасын деген қам болса, екінші жағынан табиғаттың берген сыйымен Жайықтың суын толтыруға деген шара.

Әсіресе, су басу қауіпі бар Ақжайық, Талпын мен Санаторий «Ақжайық», Ыждағат ауылдарында су жүру жолын дайындауға ауыл азаматтары жұмылды. Сөйтіп, биіктігі кей жерде 70 см дейін жеткен қар астынан суағар құбырлар аузы тазартылып,  кей жерлерде кең арналар қазылды. Осындай жұмыстар Теректі ауданының Ақжайық ауылында Бейбітшілік көшесі, Х.Есенжанов, Насимуллин атындағы көшелер бойында жасалды.

«Қамданған қапы қалмайды» демей ме. Қызыл суда қапы қалмас үшін, осындай дайындық жасалып жатыр.

Нұржан Ахметкалиев,

Теректі ауданы 

«Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты» ММ бас маманы 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале