Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні. Осыған орай айналамдағы жақсы адамдарыма ризашылығымды білдіремін. Сонымен қатар мына қоршаған табиғат әлеміне шексіз алғыс!
Бұл күні мен анама,әкеме, ұстаздарым мен бауырларыма кішкентай жүрекше мейрамхатқа (открытка) шынайы алғысымды жазамын, шын тілек тілеймін. Әрине, барлық күндеріміз қымбат болғанымен, бұл ерекше күн. Осындай елде өмірге келгеніме, бейбіт елде тұрғаныма, бақытты балалық шағыма алғысымды жеткізгім келеді. Мені өмірге әкелген ата-анама, білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарыма, бірге өсіп, бірге жүрген достарыма алғысымды жаудырамын!
Ботакөз Ғаниева,
4-сынып оқушысы,
Бөрлі ауданы
Кеңтүбек ауылы,