1.03.2022, 12:40
Оқылды: 42

Бала тууға байланысты мемқызметтер банк қосымшаларында қолжетімді болады

Бала туумен байланысты мемқызметтер банк қосымшаларында қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220301114405141e

«Былтыр ағымдағы бизнес-процестерге жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік қызметтердің дамуын тежейтін бірқатар факторлар анықталды. Атап айтқанда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін қажетті «тарихи» деректердің болмауы, мобильді азаматтар базасында тіркеудің болмауы. Осыған байланысты біз мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін реинжиниринг және трансформациялау бойынша жұмыс жүргізудеміз.

Бүгінгі күні электрондық форматта 45 мемлекеттік қызметтің 42 түрі немесе 93% ұсынылады, оның ішінде 21 қызметті немесе 43% проактивті түрде алуға болады», - деді Серік Шәпкенов.

Оның айтуына қарағанда, 2021 жылы әлеуметтік-еңбек саласында барлығы 12,6 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 9,1 млн немесе 72% қызмет электронды түрде көрсетілді.

«Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 12% артық. 2025 жылға қарай біз барлық мемлекеттік қызметтерді 100% электронды форматқа көшіруді жоспарладық», – деді Серік Шәпкенов.

Сондай-ақ, министр, халықтың қызмет алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін былтыр қазан айында екі банкпен бірлесіп, олардың платформаларында бала туумен байланысты мемлекеттік қызметтер сервисін іске қосқанын атады.

«Тек 2021 жылдың төртінші тоқсанында балалары бар 16,5 мыңнан астам отбасы үйде отырып, екінші деңгейлі бакнтердің мобильді қосымшалары арқылы қызмет алды. Осы практиканы басқа банктердің мобильді қосымшалары арқылы енгізу жөніндегі жұмыс жалғасатын болады», - деді Серік Шәпкенов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале