Бүгін Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті. Айтулы мерекеде аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын мерекелерімен құттықтады.
– Алғыс айту күні көктемнің шуақты алғашқы күнінен басталады. Бұл айрықша мерекенің белгіленіп,аталып келе жатқанына 6 жыл толып отыр. Ауданымызда өзге ұлт өкілдерінен 19 отбасы тұрақты еңбек етуде. Олар аудан халқымен етене араласып, қазіргі таңда қазақ тілін еркін меңгеріп, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ұстанып, ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Біз үшін татулық пен келісімнен асқан құндылық жоқ.Алғыс айту күні біз бірлігіміз бен бір-бірімізге деген құрметімізді арттыра түсеміз. Алғыс айту күні елдің ынытымағын арттыратын айтулы күн, – деді аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев.
Ауданымызда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері Омар Хасинов, Аида Қаныбекқызы, Ранида Рафихқызы сахнадағы экран арқылы қазақ еліне жүрекжарды жылы лебіздерін жеткізді.
Салтанатты шара аудандық мәдени - демалыс орталығы көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
Ерболат Мырзағұлұлы,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz