1 наурыз - Алғыс айту күнін қазақстандықтар биыл алтыншы рет атап өтуде.
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орайластырылған мереке көпұлтты ел бірлігінің символына айналды.
Алғыс айту күні аясында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың қатысуымен бірқатар мерекелік іс-шаралар өтті.
Бағдарламаға сәйкес, сағат 09.30-дан бастап БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, БҚО ІСБ "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері, "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының өкілдері және БАҚ қатысуымен "Қазақ халқына мың алғыс" монументінің алдына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.