2.03.2022, 12:00
Оқылды: 40

«Мүгедек» термині «мүгедектігі бар адам» деп өзгертіледі

 Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасын жұмысқа алды.

kMVNiObj5H0ssr7qrgYFwVYIqsk3reX2nJJ5g4Qm

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмилә Нұрманбетова заң жобасына бір топ Парламент депутаттары бастамашылық жасағанын айтты.

Құжатта «мүгедек» терминін «мүгедектігі бар адам» деп өзгерту, мүгедектігі бар баланы санаториялық-курорттық емдеуге алып жүретін адамға жолдама құнының 70%-ын өтеу, денсаулық сақтау ұйымдарында мүгедектігі бар адамдарға бірінші кезекте қызмет көрсету көзделеді. Сондай-ақ үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жекеше нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтерде ақы төлеуден босатылған адамдар санатына енгізу және мүгедектігі бар адамдар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін басқа да нормалар көзделеді, - деп айтты депутат Жәмилә Нұрманбетова.

Сонымен қатар оның айтуынша, Қазақстан аумағында анықталған адам саудасының құрбандары болған шетелдіктерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі нормалар көзделеді.

Жәмилә Нұрманбетова өзгерістер мен толықтырулар 75 заңнамалық актіге, 11 кодекске және 64 заңға енгізілегеніне тоқтала кетті.

Комитет заң жобасы бойынша 2022 жылғы 7 желтоқсанға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын, - деп айтты депутат Мәжілісте.

 baq.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале