2.03.2022, 16:10
Оқылды: 49

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Бәйтерек ауданы әкімдігінде аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Оған аудан әкімі Марат Тоқжанов, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлыбек Хайруллин, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Мәлік Өтешев, аудандық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Геннадий Терехов және кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты. 

IMG-20220302-WA0033

Алдымен сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Нұрлыбек Хайруллин 2019 жылы ауданда құрылған қоғамдық кеңестің өкілеттілік мерзімі аяқталғанын, осыған орай ҚР-ның «ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына, ҚР-ның «Қоғамдық кеңестер туралы» заңына және Бәйтерек ауданы қоғамдық кеңес ережесіне сәйкес қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.

IMG-20220302-WA0032

Сөзінше, аудандық мәслихат хатшысының өкімімен қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылып, оның төрағалығына Геннадий Терехов сайланған. Жұмыс тобы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс жүргізіп, барлық материалдарды аудандық газет беті мен мәслихаттың ресми сайтына жариялаған.

Сондай-ақ Нұрлыбек Қажымұратұлы өз сөзінде қоғамдық кеңеске мүше болуға ниет білдіруші коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтық сектордан түскен өтініштер жұмыс тобының отырысында қаралып, аудандық мәслихат сессиясына бекітілуге жіберілгенін де атап өтті. Нәтижесінде аудандық мәслихаттың 2022 жылдың 24 ақпан күні №14-2 шешімімен 15 адамнан тұратын қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітілді.

Кейін аудан әкімі Марат Тоқжанов сөз алып, қоғамдық кеңес жұмысының маңыздылығына тоқталып, бірлесе жұмыстануға қашан да дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар осы кезге дейін қоғамдық кеңес төрағасы болған Мәлік Өтешевке ризашылығын білдіріп, иығына шапан жапты.

IMG-20220302-WA0038

Одан соң жиын тізгінін қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Геннадий Терехов алып, кеңес жұмысын жалғастырды. Жаңадан құрылған аудандық кеңестің алғашқы отырысында Қоғамдық кеңестің төрағасын сайлау, қоғамдық кеңестің хатшысын сайлау, қоғамдық кеңестің төралқасын сайлау және қоғамдық кеңестің ережесін бекіту сияқты төрт мәселе қаралды.

IMG-20220302-WA0036

Алғашқы мәселе бойынша қоғамдық кеңес төрағалығына Виктор Железнов ұсынылып, оның кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. Ал аудандық қоғамдық кеңестің хатшысы лауазымына Зиннат Бикеева ұсынылып, ол да кеңес мүшелерінің қолдауына ие болды. Сонымен қатар жиында көтерілген үшінші мәселе – қоғамдық кеңестің төралқасына Валентина Леонтьева, Арман Айтпаев, Фархад Жалмурзин, Виктор Власов және Виктор Железнов ұсынылды. Бұл ұсыныс та бірауыздан қолдау тапты. Қоғамдық кеңестің ережесі де бекітілді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале