4.03.2022, 22:34
Оқылды: 3

Аналарға алғыс айтты

Бүгін Сырым ауданы, Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі Данял Танзенов ауыл әкімшілігі, кітапхана, мәдениет үйі қызметкерлерімен бірге мереке қарсаңында аналарды құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.

IMG-20220304-WA0057

Одан бөлек, округтегі "Алтын алқа", "Күміс алқа" иелері мен көпбалалы аналарға арнап мерекелік дастархан жайып, "Сыйынар ем Ана деген тәңірге" атты мерекелік шара өткізді.

Ауылдың ақ жаулықтылары өскелең ұрпаққа, қыз-келіншектерге өнегелі әңгімелерін айтып, сыр ақтарды.

Кеш соңында аяулы аналарды көркемсөз шеберлері​ мен өнерпаздар ән-жырмен сусындатты.

Ауыл әкімі бастаған мерекелік көңіл-күйге толы отырыста аналар ауыл әкімшілігі мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ақ батасын берді.

 

А.Бауыржанқызы,

Сырым ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале