5.03.2022, 21:20
Оқылды: 93

«Сыйынар ем Ана деген тəңірге»

Көктемнің жарқын мерекесі Халықаралық əйелдер күніне орай Казталов ауданы орталығында «Сыйынар ем Ана деген тəңірге» атты мерекелік шара өтті.

A4613866-9563-456F-AE2E-0B8E8EF2CCC5

Мерекелік шара өткен аудандық мəдениет үйінің фоесінде  «Белсенді әйелдердің берекелі кәсібі» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Он саусағынан өнер тамған қолөнер шеберлері ауданымыздың барлық түкпірінен жиналып, осы көрмеде туындыларын ортаға салды. Көрме жұмысымен танысқан аудан əкімі Альберт Есалиев ісмерлердің еңбегіне жоғары баға берді.

Мерекелік шара мəдениет үйінің концерт залында жалғасын тапты.

95470A0E-FA50-4644-8E4C-76F10E1F1AC4

Сахна төріне көтерілген аудан басшысы Альберт Темірболатұлы салтанатты жиынға қатысқан нəзік жандыларды айтулы мерекемен құттықтап, жүрек жарды лебізін жолдады.

Кезек марапаттау рəсіміне берілді. Аудан əкімі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 797 Жарлығына сəйкес Казталов ауданының бір топ көп балалы аналарын «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапаттады.

B2B08E23-7F4C-453C-99C7-504BBBB4FD2C

Сонымен қатар аудандағы кəсіпкерлікті қолдау мақсатында алғаш рет кəсібімен көзге түскен азаматшалар енгізілген «Жетістікке жеткен Қос өзен арулары» атты журналдың бірінші шығарылымы мереке қарсаңында жарық көрді. Шарада аталмыш журнал таныстырылып, журналға енген кəсіпкер аруларды аудан басшысы марапаттады.

4708FEEA-871F-4CCF-85A8-023FA29F9069

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты. Аудан көркемөнерпаздары аналар мен арулардың құрметіне əн шырқап, би билеп, күй тартты.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале