9.03.2022, 10:50
Оқылды: 50

Футболдан Чемпиондар лигасы: «Бавария» мен «Ливерпуль» ширек финалға шықты

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан екі команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220309092405956eФото: liverpoolfc.com

Германияның «Бавариясы» өз алаңында Австрияның «РБ Зальцбург» клубын 7:1 есебімен тізе бүктірді. Ал Англияның «Ливерпулі» өз алаңында Италияның «Интер Милан» командасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Бірінші кездесуде «Бавария» және «РБ Зальцбург» 1:1 есебіне қанағат білдірсе , «Ливерпуль» «Интер Милан» командасынан 2:0 есебімен басым түсті.

Қос ойынның нәтижесімен «Бавария» мен «Ливерпуль» 1/4 финалға жолдама алды.

Енді 9 наурызда «Реал Мадрид» (Испания) пен «Пари СенЖермен» (Франция) (бірінші ойын 0:1), «Манчестер Сити» (Англия) мен «Спортинг» (Португалия) (бірінші ойын 5:0) командалары кездеседі.

Сондай-ақ, 15 наурызда «Манчестер Юнайтед» (Англия) пен «Атлетико Мадрид» (Испания), «Аякс» (Нидерланды) пен «Манчестер Сити» (Англия) жасыл алаңға шығады.

Ал 16 наурызда өз алаңында «Ювентус» (Италия) пен «Вильярреал» (Испания), «Лилль» (Франция) және «Челси» (Англия) шеберлік байқасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале